Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 6 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

Қызылордада жоғалған алты жасар балаға іздеу жарияланды. Бүлдіршін 27 сәуірде үйінен ойнауға шығып, қайтып оралмаған. Ата-анасы полицияға тек 9 сағаттан кейін жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда қаласының Титов ауылында кәмелетке толмаған Бақыт Әлтаир Мақсатұлының жоғалғаны туралы ақпарат 27 сәуірде сағат 19.35 шамасында келіп түскен.

"Ата-анасының айтуынша, 6 жасар бала 27 сәуірде сағат 10:00 шамасында ойнамақ болып үйден шығып, қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстарына Қызылорда облысының полиция басқармасы, Қызылорда қалалық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды", - деді полиция департаментінде.

Ведомствода баланың фотосуретін барлық полиция бөлімшелеріне жібергенін атап өтті. Олар көпқабатты үйлердің шатырын, жертөлелер мен люктерді, саяжайлардағы қараусыз қалған үйлерді, салынбаған ғимараттарды, Сырдария өзенінің жағалауын тексеріп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, тұрғындардан, таныстардан, көршілерден сауалнама алып жатыр.

Іздеу жұмыстары полиция басқармасы бастығының ерекше бақылауында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр