Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (видео)
Қызылордада атыс болып, үш адам мерт болған. Тағы екі адам аурухаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, атыс қала шетіндегі Титов ауылында, азық-түлік дүкенінің жанында болған. Қаза тапқандардың ең жасы 26-да, үлкені 29-да.
Жедел жәрдем стационарында хабарлағандай, оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барған.
"Жедел жәрдем жеткенше алған жарақаттарынан үш адам мерт болды. 47 мен 23 жастағы екі ер адам аяғынан оқ жарақатын алған. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Полиция департаментінде оқиғаның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
"Сәйкес сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүріп жатыр", – деп хабарлады полицейлер.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады