Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада "алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтірген" деген қауесет тарады

Қызылорда қалалық полиция басқармасы алты жасар Альтаир Бақыттың қалай көз жұмғаны туралы ақпарат таратқан әйелді іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылордада мессенджерлер арқылы "алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтіріп, содан кейін ғана шұңқырға тастады" деген қауесет тарады. Қалалық полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды және қазір аудиожазбаның авторы ізделуде. 

"Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан әйелді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желілер немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске саламыз", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қасақана жалған ақпарат тарату үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе қоғамдық жұмыстарға тартумен жазаланады. Сегіз жүз сағатқа дейін немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. 

Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылғаны туралы белгілі болды. 

Талқылау