Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында көне қалашық қалыпқа келтіріліп жатыр

Қызылорда облысында көне Алтын-асар қалашығын қалыпқа келтіріп жатыр. Жетіасар мәдениетінің ең ірі сәулет ескерткіші ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді, деп хабарлайды Хабар24 арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс үш жыл бұрын басталып кеткен. Қазірдің өзінде бұл ашық аспан астындағы мұражай, ол туристерді қызықтыратын орынға айналады.

Алтын-асар елді мекені туралы алғашқы жазбалар 1500 жыл бұрын пайда болған. Аумағы 17 га елді мекен әр уақытта салынған төрт бекіністен тұрған. Бұл Кіші және Үлкен үй, керуен сарай және саңылаулары бар бекініс. Дөңгелек пішінді екі деңгейлі ғимараттар биіктігі 30 метрге жетті. Бұл орындарда ғалымдардың пікірінше, көптеген ашылмаған құпия бар.

"Жетіасар ескерткіштері дүниежүзілік тарихта ерекше орын алады. Егер жылқы алғаш рет Ботай мәдениетінде қолға үйретілсе, Жетіасар мәдениетінде қоссаз (екі басты домбыра) музыкалық аспабы алғаш рет қолданылған", – дейді "Рухани жаңғыру" облыстық орталығының маманы Бауыржан Әлібай. 

IV-V ғасырларда бұл жерде өзен ағып жатты, жергілікті тұрғындар мал және егіншілікпен ғана емес, балық аулау және аңшылықпен де айналысқан. Бұған археологиялық олжалар дәлел.

“Көне қоныс мемлекет қорғауында. Мұнда көптеген антиквариат табылды. Алайда табылған заттарды ашық аспан астында сақтау өте қиын. Қабырғалары қирап жатыр. Олардың жер бетінен жойылып кетуіне небәрі бір-екі жыл жеткілікті. Сондықтан біз археологиялықпен қатар қалпына келтіру және нығайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", – деп түсіндірді Археология және этнография орталығының ғылыми қызметкері Жетесби Сұлтанжанов.

Талқылау