Қызылорда облысында көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен (видео)

Видеодан скрин
Қызылорда облысының Алғабас ауылында көкпар ойыны кезінде жеңіл көлік бірнеше жылқы мен шабандозды қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жеңіл автокөліктің ойынға қатысушыларды қағып өтіп, тоқтамай әрі қарай жүріп кеткенін көруге болады.
Полицияның мәліметінше, ойынды Шиелі тұрғыны ұйымдастырған.
"Қатыгез ойын": Көкпар кезінде жараланған жылқылар желідегілерді шошытты
“Іске қатысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген полиция хабарламасында.
Ойынның ұйымдастырушысы билік органдарынан көкпар өткізу туралы рұқсат алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еске салсақ, Қарағанды облысында шаруа егістігіне түскен 17 жылқыны атып тастағанын жазғанбыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар