Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай көз жұмған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.
"Бүгін сағат 13-тен 54 минут өткенде Департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама келді: Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туылған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп көз жұмды", - делінген Қызылорда облысы ТЖД хабарламасында.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады