Талдықорған полициясының ғимаратында қыз зорлаған: Іс прокуратураға жіберілді
Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты зорлау бабы бойынша қозғалған іс прокуратураға жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. Прокуратура іс материалдарымен танысуға кіріскен.
Еске салсақ, бұған дейін Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаевтың қыз зорлады деп күдікке ілінгені туралы жазған едік. Күштібаев өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар