Қыз сүйіктісінің опасыздығын Wildberries маркетплейсінің арқасында біліп қалған
Қыз сүйіктісі оның көзіне шөп салғанын Wildberries маркетплейсінен тауар алмақ болып, пікірлерді оқыған кезде біліп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Влад Некрасов / Коммерсантъ
Оқиғаны TikТok парақшасында dza.dii есімді қыз баяндады.
Қыз Wildberries, Ozon, Pinduodo сынды интернет дүкендерден жиі тапсырыс береді екен. Бір күні Wildberries маркетплейсінен қара түсті ішкиім алмақ болған. Оны сатып алардан бұрын тауардың сапасына көз жеткізу үшін рейтинг пен пікірлерді оқыған.
“Пікірлердің арасынан өз жігітінің жазбасын байқаған. Алғашында нақты ол ма, жоқ па деп күмәнданғасын толық тексерген. Жігіттің профилінде фотосы тұр. Әрі ішкиімді ұстап тұрғанын түсіріп алыпты, қыз оның қолын бірден таныды. Ол пікірге “жігіттер, дереу сатып алыңыздар, мұндай ішкиім қызға өте керемет жарасады” деп жазған екен”, – деді TikTok қолданушысы.
Яғни жігіт өз сүйіктісіне емес, ішкиімді басқа қызға сатып алған.
Қыз нақты көз жеткізу үшін жігітпен кездесіп, оның телефонын “Wildberries-ден жеңілдікпен тапсырыс беремін” деп сұраған. Жігіттің телефонынан маркетплейстің “Менің тапсырыстарым” деген бөліміне кіріпті. Расымен сол ішкиім мен пікірі сақталып қалған екен.
“Қыз жігіттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан барлық қызды тексеріп шыққан. Бір қыздың ақ топ киген фотосын көрген. Топтың ішінен дәл сол қара ішкиімді байқаған.
Құрметті жігіттер мен ерлер қауымы! Сүйіктіңіздің көзіне шөп салып, ол білмей қалады деп ойласаңыздар, қателесесіздер! Ол бәрін біліп алады және бәрін сезеді. Үндемегені білмейді деген сөз емес, ол жай ғана сіздің өзіңіз мойындағаныңызды күтеді немесе нақты көз жеткізу үшін дәлел жинап жүр. Егер сізге “шындықты айтшы” десе, шыныңызды айтыңыздар. Себебі ол онсыз да біледі, тек сіздің мойындағаныңызды күтіп тұр”, – деді қыз.