Қытаймен шекаралас жатқан Жаркент қаласын COVID-19-ға байланысты карантинге жапты
Лабораториямен расталған алғашқы COVID-19 жағдайы Алматы облысында Қытаймен шекаралас жатқан Панфилов ауданында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

31 жастағы ер адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Алдымен ол ауданаралық көп салалы аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, содан кейін көрші Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді.
15 байланыс тұлға анықталды, олардың барлығы оқшауланған, талдаулар алынды.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі Жаркент қаласында шаруашылық және өзге де қызмет пен тұрғындардың өмір сүруіне ерекше жағдай жасалған карантин енгізілгенін айтты. Карантин 2020 жылдың 30 сәуірінде 00:00-ден бастап енгізіледі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"