Қытайлық дәрі-дәрмектер мен жақпа майларды пайдаланған Шымкент тұрғыны жансақтау бөліміне түсті
Шымкентте дәрігерлер аллергияның ауыр түріне шалдыққан науқасты аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент қалалық №2 ауруханаға 54 жастағы науқас жеткізілді. Халі мүшкіл пациент бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
Науқас денесінің барлық жерінде іріңді бөртпелердің бар екенін айтып, денесі қызғанын, басы айналып, құсатынын айтты. Әйел 5 күн бойы ауырған.
"Науқас дертін тамақ немесе шаң-тозаңнан көрмейді. Ол қытайлық дәрігердің қабылдауында болып, әртүрлі шөптік тұнбалар қабылдаған, жақпа майлар қолданған. Емінің төртінші күнінде жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған. Келген кезде терісінің 90%-ы зақымдалған. Терісі күйік шалғандай бөртіп қызарған, кей жерлерін іріңді бөртпе басқан. Беті, көзі, қолдары ісінген", – дейді емдеуші дәрігері Жанат Төлебайқызы.
Науқасқа жансақтау бөлімінде 2 апта бойы ем жасалды. 3 сеанс гемофильтрация арқылы қаны тазартылды. Содан кейін палатаға ауыстырылып, қабынуға және интоксикацияға қарсы десенсибилизация ем қабылдады. Қазіргі таңда әйелдің жағдайы жақсы.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр