Қытайлық 14 жастағы Олимпиада чемпионының отбасы теңгеге шаққанда 17 млрд болатын ақшадан бас тартты
Токио Олимпиадасында суға секіруден чемпион болған Цюань Хунчанның отбасы 30 миллион фунт стерлингтен (шамамен 17 млрд теңге) бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror сайтына сілтеме жасап.

Ақшадан бөлек, 14 жастағы спортшының отбасына тегін жиһаз, ойын-сауық парктері мен хайуанаттар бағына өмірінің соңына дейінгі тегін билеттер, азық-түлік пен басқа да сыйлықтар ұсынылған. Алайда Хунчанның әкесі мұның барлығынан бас тартқанын мәлімдеді.
Ол, сондай-ақ қызының жанкүйерлерінен туған ауылына жеке сапарларын тоқтатуды сұрады, өйткені көптеген адамдардың келуі ауыл өмірін тоқтатып тастаған.
Хунчань Токио Олимпиадасында 10 метрлік биіктіктен суға секіруден күтпеген жерден алтын медаль иеленді. Бұған дейін ол тек ел чемпионатында жеңіске жеткен.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады
Ол балаларды “пышақтап өлтіремін” деп қорқытқан
"Шәй құйып, сәлем салады, келіндік қызмет атқарады": Индонезиялық келін алған отбасы екі елдің тойы мен ерекше дәстүрлерін көрсетті
Бақберген шетелдік ару қарапайымдылығымен, жайлы мінезімен өзіне ғашық еткенін алға тартты