Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың екі кемесі Жапонияның аумақтық суларына кірді - БАҚ

Қытай патрульдік қызметінің екі кемесі Сенкаку аралдары аймағындағы Жапонияның аумақтық суларына заңсыз кірді, деп мәлімдеді NHK телеарнасы. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

кытай жапон 2022

Таңертең кемелер Қытай талас көрсетіп жүрген аралдар аймағына кіріп, жапондық балық аулайтын қайықтарға жақындауға тырысқан. Жапондық балықшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық теңіз қауіпсіздік қызметі аймаққа патрульдік кемелер жіберген, сонымен қатар ҚХР кемелерін Жапонияның аумақтық суларынан кетуге шақыруда.

Сенкаку аралдары (қытайша атауы Дяоюйда) – Қытай мен Жапония арасындағы аумақтық даудың нысаны. Токиода олар жапон жағы 1895 жылдан бері оларды оккупациялап келе жатқанын айтады, Пекинде 1783 және 1785 жылдардағы жапон карталарында аралдар Қытай территориясы ретінде көрсетілгенін еске салады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Сенкаку АҚШ-тың бақылауында болды және 1972 жылы Жапонияға берілді.



Тайвань мен материктік Қытай Жапония оларды заңсыз ұстап отыр деп есептейді. Өз кезегінде Токио Қытай мен Тайвань 1970 жылдардан бері олардың су айдыны пайдалы қазбаларға бай екені белгілі болғаннан бері аралдарға ауыз салып келеді деп санайды.

Жапон үкіметі 2012 жылы жеке жапондық иеленушіден архипелагтың бес аралының үшеуін сатып алғаннан кейін аумақтық дау одан сайын шиеленісіп кетті.

Талқылау