Қытайда жолаушылар мінген ұшақ өртеніп кетті
Қытайда әуежайдағы ұшу-қону жолағынан жолаушылар ұшағы шығып кетіп, отқа оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап.

Апат бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 08:00-шамасында болған. Қытайлық Tibet Airlines әуе компаниясына тиесілі А319 лайнері ұшу-қону жолағынан шығып, Чунцин қаласындағы әуежайда жанып кеткен. Бортта 122 адам болған.
Олардың 113-і жолаушылар, 9-ы экипаж мүшелері. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.
Алайда агенттіктің дереккөзі 40-тан аса адамның жарақат алғанын, олардың ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеген. Әзірге апаттың себебі анықталып жатыр.
Оқиғадан соң әуежайдағы ұшу-қону жолағы жабылған, кей рейстер кешіктірілді. Ал қонуы керек болған ұшақтар Чэнду Шуанлю әуежайына жіберілген.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді