Соққыға жығылды деген Теміртас Жүсіповтің әйелі күйеуіне жазған арызын қайтып алды

Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы күйеуі соққыға жыққанын айтқанна кейін оған қатысты ешқандай шара қолданбауды сұрап, шағымын қайтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы полициясының мәліметінше, бастапқы арыздан кейін денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
7 шілде күні әйел күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тартпауды сұрап, қарсы өтініш берген.
Соған қарамастан, полиция тергеу жалғасатынын атап өтті.
"Қарсы өтініштің берілуіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар Теміртас Жүсіповке қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Ол нұсқамаға сәйкес, оның жұбайының келісімінсіз онымен байланысуына тыйым салынған.
ОқыңызЕске салайық, жәбірленушінің сіңлісінің айтуынша, әпкесі 29 маусымнан 30 маусымға қараған түні немесе 1 шілдеде күйеуінен ауыр соққы көріп, ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген.
"Медициналық құжаттарда асфиксия, бастың ашық жарақаты, құрысу және бас миының ісінуі тіркелген. Ол ауруханаға ес-түссіз түсті", – деп жазды ол.
Ол бұған дейін де әпкесінің тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін айтып, шамамен бес жыл бұрын Теміртас Жүсіповтің оны мойнынан есікке қысып тұрғанына куә болғанын жеткізді. Сондай-ақ спортшының балаларға ықпал етіп, әйеліне қысым көрсетіп жатқанын алға тартты.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті