Қазақстанда енді автотұрақ орындарын меншіктеп алатындар жазаға тартылады

Көпқабатты үйлердің ауласындағы орынды заңсыз меншіктеу аяқталды. Елімізде жаңартылған абаттандырудың үлгілік қағидалары күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енді ауладағы тұрақ орындарын шынжырлап, құлыппен бекітіп, түрлі құрылғылармен қоршауға толық тыйым салынды.
Жаңа ережеге сай ортақ аумақты қоршап тастайтын кез келген конструкцияны орнатуға қатаң тыйым салынады. Пәтер иелері кооперативін басқарушылар бұл талап бұрыннан да бар. Бірақ ол орындалмай келді.
“Қоршауға болмайды. Талапты орындамағандарға айыппұл қарастырылған. Бірақ көптеген азаматтар мұны түсінбейді. Кейбір аулаларда заңға бағынбай, әлі күнге дейін өзінен басқа адам көлік қоя алмайтындай етіп, бөгеп тастағандар баршылық”, – деді пәтер иелерінің кооперативі төрағасы Анастасия Подойникова.
Қолданысқа енген заң көптен бері көлік қоя алмаған қарапайым тұрғындардың көңілінен шықты. Әсіресе, ауласының тарлығынан темір тұлпарын сыйдыра алмай жүргендер кедергілердің тез жойылғанын қалайды.
“Бұл жерде кедергі жасайды. Андай турникет, бірнәрсе қойғанының бәрі ыңғайсыз. Ортақ мүлік. Сондықтан алып тастаған дұрыс. Шешім өте дұрыс”, – деді өскемендік Зортай Арғынбеков.
Енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша ортақ пайдаланылатын жерді өз бетімен иеленіп алғандарға 324 375 теңге айыппұл салынып, бөгет бұзылып алынады.
Алматыда шетелден келетін туристер саны азайып кеткен: Әкімдік мұны 4-5 жұлдызды қонақүйлердің аздығымен байланыстырып отыр