Қытайда туу санын арттыру үшін жастардың жұмыс уақыты қысқартылады
Қытайда депутаттар туу санын арттыру үшін жастарға сегіз сағаттан астам жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times сайтына сілтеме жасап.

Депутаттардың мәлімдеуінше, егер жігіттер мен қыздардың жұмыс күні аз болса, олар сүйіктілерін табуға уақыты болып, дүниеге бала әкелу ықтималдылығы көбейеді.
Ұсыныс бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңес комитетінің және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессияларын талқылауға шығарылды.
Сонымен қатар балабақшаларда жыныстық сауаттылық бойынша сабақтар енгізу ұсынылады. Бірақ Батыс өркениеті ықпал етпеуі үшін қытайлық оқулықтар қолданылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы қытай халқы күрт азайып, Үндістан халық саны бойынша басып озғаны хабарланды.
Сондай-ақ, елде неке демалысы енгізілмек.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды