Қытайда жас жұбайларға 30 күндік ақылы неке демалысы енгізілді
Қытай провинциялары бала туу көрсеткішін арттыру үшін жас жұбайларға 30 күндік төленетін неке демалысын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Channel News Asia (CNA) арнасына сілтеме жасап.

Негізінен Қытайдағы ең төменгі ақылы демалыс 3 күнді құрайды. Бірақ ақпан айынан бастап провинциялар некеден кейін демалыс берудің өз ережелерін белгілей бастады.
People's Daily Health басылымының хабарлауынша, солтүстік-батыс Ганьсу провинциясы мен көмір өндіруші Шаньси провинциясы қазір ең көбі 30 күндік ақылы "неке демалысын" береді. Ал Шанхайда 10 күн, Сычуаньда әзірге 3 күн берілуде.
Оңтүстік-Батыс қаржы және экономика университетінің Әлеуметтік даму зерттеу институтының деканы Ян Хайянның сөзінше неке демалысын ұзарту туу көрсеткішін арттырудың тиімді әдісі.
Ол мұндай шараларды негізінен экономикасы салыстырмалы түрде баяу дамыған кейбір провинциялар мен қалаларда енгізу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"