Қытайда құс тұмауы өршіді
H5N8 құс тұмауы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданы Нагчу қаласында тіркелді. Бұл туралы Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нагчу қаласында және Тибеттің сулы-батпақты жерлеріндегі ұлттық қорықта жабайы құстарда жоғары патогенді ауру табылды. Мамандандырылған ведомствоның мәліметінше, 268 вирус жұқтырған құс өлді.
Жергілікті билік олардың табылған жерлерінде, соның ішінде барлық өлген құстарды жоюға қажетті шаралар қабылдады.
Құс тұмауы – жабайы құстар мен үй құстары үшін өте қауіпті, жұқпалы вирустық ауру. Бұл аурудың көптеген штамдары адамдар үшін қауіпсіз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, H5N8 құс тұмауын жұқтыру қаупі төмен.
Қытайда 300 метрлік зәулім ғимарат шайқалып, адамдарды шошытты (видео)
Тариф қымбат, интернет баяу: Beeline абоненттерінің наразылығына жауап берді
Желідегі шағымдар интернет жылдамдығымен ғана шектелмейді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген