Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 300 метрлік зәулім ғимарат шайқалып, адамдарды шошытты (видео)

Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza сауда орталығының шайқалғаны және адамдардың ғимараттан қашып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биіктігі 300 метрлік зәулім ғимарат Қытайдағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. Желіде пайда болған видеода зәулім ғимарат қатты теңселіп тұр. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, барлық адамдарды ғимараттан эвакуациялауға бір сағаттан астам уақыт кеткен. Зәулім ғимараттың таңқаларлық бұлайша шайқалуына не себеп болғаны әлі белгісіз. 

"Қаладағы түрлі жер сілкіністерін бақылау станцияларының мәліметтерін тексеріп, талдағаннан кейін, сейсенбі күні Шэньчжэньде жерасты дүмпулері болмағаны анықталды", - деп мәлімдеді шенеуніктер.


Қытай халқы бір жылда 11 миллионға өсті


Сарапшылар ғимараттың негізгі ғимаратында немесе сыртында қауіпсіздіктің бұзылуын таппағанын, ал зәулім ғимараттың ішкі және сыртқы компоненттері бүтін болып көрінгенін айтады.

SEG Plaza сауда орталығы 72 қабаттан тұрады, онда электроника дүкендері мен мейрамханалар орналасқан. Ғимаратта бақылау палубасы мен тікұшақ айлағы да бар.

Талқылау