Қытай халқы бір жылда 11 миллионға өсті
Қытай халқы өткен жылы жылдық көрсеткіштен 0,83% өсіп, 1,41178 млрд адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қытай мемлекеттік статистикалық басқармасына сілтеме жасап.

"Қытайдың халқы 1,41178 миллиардты құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 72,06 миллионға көп", - делінген есепте.
Сондай-ақ, 2019 жылы Қытай халқының саны 1,40005 миллиард адамды құраған. Статистикаға сәйкес, Қытайда 723 миллионнан астам ер адам және 688 миллионнан астам әйел тұрады. Ел халқының 63% -дан сәл астамы 15 пен 59 жас аралығындағы адамдар, 19% -ы 60 жастан асқан адамдар. 14 жасқа дейінгі жас санатындағы азаматтардың үлесі 17,95% құрады.
ҚХР-дағы қала тұрғындарының үлесі 63,89% құрайды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 14% артық.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 14-ші бесжылдық кезеңінде Қытай билігі зейнетке шығу жасын өсіруде.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген