Қытайда тағы бір вирус табылды
Қытай мен Сингапур ғалымдары Қытайда кем дегенде 35 адам жұқтырған генипавирустың жаңа түрін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауру симптомдарына қызу көтерілуі, әлсіздік, құсу және жөтел жатады. Вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігі әлі анықталмаған.
“Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларынан “Ланья” (Langya henipavirus, LayV) вирусын жұқтырған 35 науқас анықталды”,- деп жазды Пэнпай басылымы.
“Ланья” вирусы ғалымдардың пікірінше “Нипах” вирусына ұқсайды. Бірақ әзірге жұқтыру жағдайлары өлімге әкелетін немесе өте ауыр болмаған.
Нипах вирусы – мидың қабынуымен (энцефалит) немесе тыныс алу органдарының ауруымен сипатталатын күрделі ауруды тудыратын вирустың бір түрі.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"