Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маймыл шешегіне қарсы вакцинаны кімдердің алғаны дұрыс?

Маймыл шешегіне қарсы вакцинаны кімдердің алғаны дұрыс? Сауалға денсаулық сақтау вице-министрі-бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, науқас адаммен бірге тұратын және оларға көмек көрсетіп жүрген медицина қызметкерлеріне вакцина салдырған жөн. 

"Бүкіл халыққа вакцина алудың қажеті жоқ. Өйткені вирус өте жақын физикалық байланыста болған кезде ғана беріледі. Тиісінше ол қоғамда тез таралмайды. Жақын қарым-қатынастағы адамдар, яғни шешекті жұқтырған науқаспен бір үйде тұратын жандар мен оған көмек көрсетуші медицина қызметкерлері вакцина алса болады", - деді Есмағамбетова. 



ДДСҰ басшысының айтуынша, әр елдің қауіптілік деңгейі әртүрлі. Қазіргі уақытта Еуропа елдерінде қауіп жоғары. Ал Қазақстанда маймыл шешегінің таралу қаупі төмен. 

"Вакцинаға келсек, 1980 жылға дейін барлығымыз табиғи шешекке қарсы вакцина алған болатынбыз. Табиғи және маймыл шешегі вирусы өзара ұқсас. Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, табиғи шешекке қарсы вакцина алғандар маймыл шешегінен де сақтандырылған. Ауруды жұқтырған жағдайда, бұл адамдар жеңіл өткереді", – деді бас санитар дәрігер.
 

Талқылау