Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина әсерінен көз жұмған науқастың отбасына 324 мың доллар көлемінде өтемақы төленді

Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы алғаш рет 91 жастағы әйелдің отбасына 44,2 миллион иен (шамамен 324 мың доллар) көлемінде өтемақы тағайындады. Болжам бойынша, оның өлімі вакцинамен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайтыс болған адамға қашан вакцина егілгені және қанша доза вакцина алғаны көрсетілмеген. Оның аллергиялық реакциясы болған, соның әсерінен кейін инфаркт алды.

Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол екпе салған кезде ауыр сырқаттанған. Комиссия бұл жағдайда вакциналау мен кейінгі денсаулық жағдайы арасындағы байланысты жоққа шығаруға болмайды деген қорытындыға келді.



Жапония заңы бойынша, вакциналау салдарынан қайтыс болған жағдайда, отбасы 44,2 миллион иен көлемінде өтемақы және жерлеуге кеткен шығынды талап ете алады.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, вакцинациядан кейін денсаулығына байланысты өтемақы алу үшін барлығы 3680 адам өтініш білдірсе, оның 62-сі қабылданбаған, ал 850-і жалпы мақұлданған. Тағы 16 адам өліміне әкеп соқтырған іс бойынша шешім әлі де күтілуде.

Талқылау