Әлемде төртінші адам ВИЧ инфекциясынан жазылып шықты
Аты-жөнін жасырған 66 жастағы науқас Калифорнияда лейкемияны емдеу үшін дің жасушаларын трансплантациялаған соң аты жаман вирустан айықты. Үш жарым жыл бұрын дәрігерлер оның қатерлі ісік қан жасушаларын донордың жасушаларына ауыстырған. Нәтижесінде ағзасы ВИЧ инфекциясына төзімді болып шыққан, деп хабарлайды Sky News басылымы.

Ер адам соңғы 17 айда қан қатерлі ісігі және ВИЧ бойынша ауру қарқыны бәсеңдеген.
"1988 жылы маған ВИЧ диагнозы қойылғанда, басқалар сияқты мен де бұл мен үшін үкім деп ойладым. Одан айығатын күн туады деп ойламаппын", – деді ер адам.
Ол дің жасушаларын қолданып, емделіп шыққан ең кәрі науқас. Қазіргі уақытта емделіп шыққан төрт адамның бірі. Бірінші науқас 2007 жылы Берлин қаласындағы науқас Тимоти Рэй Браун болды. Биыл Нью-Йорк дәрігерлері ВИЧ-ке шалдыққан алғашқы әйелді дәл осылай емдеп шыққанын хабарлады.
Халықаралық ВИЧ қоғамының (IAS) президенті бұл әдісті "ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарға үміт сыйлайтынын айтады.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"