Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті қылмыстық топ құрамындағы қазақстандық азаматты ұстады

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚКК) 2022 жылдан бері іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қазақстандық мүшесін ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АКИргеѕѕ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото АКИргеѕѕ басылымынан

Басылымның мәліметінше, қылмыстық элементтерге және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл барысында ҰҚКК Қырғызстан аумағында шетелдік азаматтың жасырынып жатқандығы туралы деректер алған. Ол бірқатар ауыр қылмыстар, соның ішінде қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін іздеуде болған.

"Тергеу-жедел іс-шаралар шеңберінде 1990 жылы туған, бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматы С.А. А. анықтап, ұстады. 2022 жылдың қараша айынан бастап ол Қазақстанның құқық қорғау органдарының халықаралық іздеуінде болған", - делінген басылым жазбасында.



Жазадан қашқан азамат 2023 жылдың күзінде бақылау-өткізу пунктінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында жасырынған. 

Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Талқылау