Мбаппе құны 2022 жылғы әлем кубогынан кейін 20 миллион еуроға көтерілді
Франция футболшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімінде алдыңғы қатарда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Transfermarkt сайтына сілтеме жасап.

Катардағы әлем чемпионатынан кейін футболшылардың нарықтық құнын өзгерді.
24 жастағы Мбаппе қараша айының басына дейін тізімде көшбасшы болды, бірақ содан кейін оны 22 жастағы норвегиялық вундеркинд Эрлинг Холанд басып озды. Француз спортшысы 160 миллион еуроға, ал норвегиялық бәсекелес 170 миллион еуроға бағаланды.
Әлем чемпионатында сегіз гол соғып, Катардағы турнирдің финалына шыққаннан кейін Килианның бағасы өсті. Франциялық форвардтың жаңартылған құны – 180 миллион еуро.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

