Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Киім-кешектің бағасын өсіруге мәжбүрміз": Алматыдағы "Ақбұлақ" базарының саудагерлері жалға беру ақысының қымбаттауына наразы

Алматыдағы барахолка аталып кеткен базардағы киім-кешектің бағасы бір айдың ішінде 30%-ға қымбаттаған. Мұны Ақбұлақ базарының саудагерлері айтып отыр. Бағаның өсуіне контейнерлерін жалға өткізетін қожайындардың жалға беру ақысын екі есе көтеріп жіберуі себеп екен. Енді базарға келушілердің саны күрт азайып, саудасы жүрмей қалған кәсіпкерлер тығырықтан қалай шығарларын білмей отыр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

алтын орда базар

Жаңа жылдан бері саудасы қызып үлгермеген кәсіпкерлер контейнерлердің қожайындары жалға беру ақысын осы айдан бастап екі есеге көтеріп жібергенімен келіспейді. Пандемия басталғалы қарызға белшеден баттық деген олар уәжімізді ешкім тыңдамайды, қит етсе "орынды босат" деп шығатын сауда нүктелерінің иелеріне қапалы екенін жеткізді.

"Аренданың ақшасын шығару мен үшін шынымен де қиын. Төрт жүз мың-төрт жүз елу мың, үшінші-төртінші қатардың бағалары осындай. Бесінші-алтыншы қатарлардың жалға беру ақысы алты жүз мыңға жетіп тұр", – дейді кәсіпкер Зурагүл Асанова. 

Жылы орында емес, базардың кіреберісінде отырып сөмке сататын Ұлжалғас есімді саудагер қазір келушілер тым азайып кетті, бар уайымым жалға алған орынның ақысын шығару дейді. 



"Ендігі бізге уайым – аренданы шығара аламыз ба, шығара алмаймыз ба? Шығара алмасақ не істейміз, бәріміз босып кетеміз бе?! Уайымымыз сол. Ойбай, ай сайын көтере салады ғой, 5-10 теңге қоса береді. Бір метрлік бір орынның ақысы кемі 150 мың теңге, өзіңіз есептей беріңіз", – дейді наразылығын жасыра алмаған Ұлжалғас Естаева.

Базар әкімшісі сауда нүктелерін сатып алған қожайындармен ортақ мәмілеге келуге кірістік деп отыр. Өйткені орынды жалдау ақысы түспесе, баға тағы қымбаттап кете ме деп өзіміз де қорқып отырмыз, дейді ол. 

"Ортадағы бутиктер ол жерде қымбаттау. Ол жерде сауда жасау жақсы ма, өзіміз де түсінбедік. Түсіреміз енді. Жалға беру бағаларының 50-100 мыңын түсіреміз", – деді "Ақбұлақ" базарының менеджері Шаукет Избакиева.

Талқылау