Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да жалақы: Қарағандыда "Қазақтелеком" қызметкерлері наразылыққа шықты

Қарағандыдағы "Қазақтелеком" компаниясының қызметкерлері жалақыларын екі есе көтеруді талап етті. Мекеменің бас ғимаратында жиналған 50 шақты адам айлық мөлшерін көтеруді айтқанымен, олардың басшылықтың берген жауабына көңілдері толмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

казактелеком 2

Өз жалақыларына көңілдері толмайтындар әсіресе "Қазақтелекомның" темір ұсталары – кабель дәнекерлеушілері мен инженерлері. Олар қолға алатын 84 мың жалақы ешнәрсеге жетпейді деп отыр. Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясының басшыларымен болған диалогтан жұмысшылар мардымды жауап ала алмаған. "Қазақтелеком" АҚ бас кеңсесі ағымдағы жылдың 1 ақпанында лауазымдық жалақылар қайта қаралып, 17 мың қызметкердің жалақысы көтерілгенін айтып, жауап берген. Бұл дегеніміз жалпы штаттың 90 пайызына тең. Үстемақы қосу дифференциалды түрде жүргізілген, бұл ретте басымдылық көп кәсіппен айналысатын жұмысшыларға берілген, дейді олар.

"Қазақтелеком" қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін қабылданған персоналды басқару стратегиясы алдағы бірнеше жылда жүзеге асырылады. 2021 жылдың соңынан бастап бүгінгі күнге дейін қызметкерлерге жыл сайынғы сыйақы, индексация үшін өтемақы төленіп келді", – дейді "Қазақтелеком" АҚ кадрлар жөніндегі директоры Битабаров Берік.



Қызметкерлер тоқсан сайын сыйақы алады, деп қосып өтті компания. Ал қарапайым қызметкерлердің сөзінше, сыйақылар барлық шығынды жаппайды. Басшылар өз кезегінде ұжыммен түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аймақтарды аралауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылықтарын білдірген. Ол уақытта 100 шақты техникалық қызметкерлер жұмысқа шықпай қойған.

Арада бір апта уақыт өткеннен кейін "Қазақтелеком" мен ақпараттандыру және байланыс қызметкерлер кәсіподағы жаңа ұжымдық шартқа қол қойған. Шарт негізінде өндіріс жұмысшыларының жалақысы біліктілік деңгейіне қарай орта есеппен 20-50 пайызға артады делінген келісімде.

Талқылау