Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккей: «Барыс» клубының бас бапкері қызметінен босатылды

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Евгений Корешков отставкаға жіберілді, деп хабарлайды хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы 2017-2018 маусымның Құрлықтық хоккей лигасында төмен спорттық көрсеткіштер көрсетті. Осы жайтты ескере отырып, Қамқоршылық кеңес мынадай шешім қабылдады.

«1. «Барыс» ХК бас бапкері Е.Г. Корешков лауазымынан босатылсын. 2. «Барыс» ХК бас бапкері міндетін атқарушы қызметіне аға бапкер Мәмбетәлиев Г.Б. тағайындалсын», – деп хабарланды хоккей клубының ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетсек, 29 желтоқсан күні Астананың «Барыс» клубы өз айдынында «Сочи» командасын қабылдап, Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында 2:3 есебімен ұтылып қалған еді.

Оқи отырыңыз:

Фируза Шарипова жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады (фото)

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс маусымның бірінші матчтында жеңіске жетті

Танымал спортшылар қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады (видео)

Астролог: Ит жылы басы бос жандар отбасын құрады

Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін

Талқылау