"Канело" Мексиканың туы бар футболканы басқаны үшін Мессиге сес көрсетті
Белгілі мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Лионель Мессиге сес көрсетіп, жазба жариялады. Бұған Мессидің Мексика туы бейнеленген футболканы теуіп жіберуі себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға киім ауыстыру бөлмесінде болған. Жанкүйерлер Месси мұны әдейі жасамауы мүмкін екенін жарыса жазған. Дегенмен "Канело" бұл жағдайды назарынан тыс қалдырмады.
"Мессидің біздің футболка мен туды еден жуу үшін қолданғанын көрдіңіздер ме? Құдайдан оны (ред. Мессиді) тауып алмауды тілеймін. Мен Аргентины қалай құрметтесем, сендер де Мексиканы солай құрметтеулерің керек. Мен мемлекет туралы айтып тұрғаным жоқ, осы жағдайға қатысты Месси жайлы айтып отырмын", – деп жазды Альварес Twitter-дегі парақшасында.
Еске салайық, топтық кезеңнің екінші айналымында Аргентина Мексиканы 2:0 есебімен жеңген еді. 30 қарашада Польша Аргентинамен, Сауд Арабиясы Мексикаға қарсы ойын өткізеді.
For context pic.twitter.com/xxeJ10Qacc
— KILLY!🦍 🇵🇱🇵🇹 (@imnotyour7igga) November 27, 2022
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар

