AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеудемдегі тігіс жыртылып, іріңдеді": Пластикалық отаның құрбаны болған алматылық оның кері салдарын айтты

Алматылық ару пластикалық операцияның құрбаны болды. 29 жастағы тұрғынға 4 сағаттық отаны 9 сағатта жасап бітірген. Кеудесі мен қолына ота жасағысы келген қыздың жағдайы операциядан соң нашарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тоғжанға қайта қалпына келу үшін қыруар қаражат пен уақыт қажет. Ол пластикалық ота жасататын клиниканы ұзақ таңдаған. Желіде жақсы пікірлер жазылған соң солардың біріне баруды шешкен. Операция 18 қазанда жасалған. Наркоздан оянған кезде қолдары қатты ісініп кеткен.

“Мен оянған кезімде бірдеңенің дұрыс емес болғанын бірден сездім. Себебі қатты ауырлықты сезіндім. Қолымның ісіп кеткенін көрсеткенімде дәрігерлер бұның қалыпты жағдай екенін айтты. 7 күннен соң кеудемнің тігісі айырылып, 8-9 күндері кеудем мүлде екі жаққа жайылып, бөлінді. Бұл жағдайдан соң дәрігерлер менің сұрақтарыма жауап бере алмады. Қазір екі қолым екі түрлі. Терең шрамдардан қатты айырмашылық байқалады”, – деді Тоғжан.

Ол дәрігерлердің бәрі орнына келеді деген сөзіне сеніп, екі айдай таңғышын ауыстыруға келіп тұрған. Тіпті оған қайта ота жасау ұсынылған. Алайда Тоғжан бұл клиникада енді жасатпайтындай болғанын айтады. Бұл отаны жасау үшін ол 2 миллион теңге қаражат жұмсаған. Гармон әсерінен салмақ жинай бастаған ару сымбатты келбетіне осылайша қол жеткізгісі келген. 

Кейін қыздың кеудесі іріңдегендіктен, шұғыл ота жасатқан. Тоғжан адвокат жалдап, мекемені жауапқа тартуға кіріскен. Оның адвокатының айтуынша ,отаға кеткен қаражаттан бөлек, бұл мекеме моральды зиян келтіргені үшін де өтеуін беруі керек. Ал клиника басшылығы болса, Тоғажаннан көмектерін аямайтындарын айтады.

“Пациенттің өзі бізге келуін тоқтатты. Әйтпесе біз оған көмек көрсетуге дайынбыз. Ол соңғы рет желтоқсан айында келді. Қаңтардағы оқиғадан соң мүлде кездеспедік. Біз жағдайдың бәрін ғаламтордан естіп, білдік. Біз, әрине, ол қыздың келбетін аяғына дейін жақсартуға ұсыныс тастадық. Алайда ол бірден бас тартты”, –  деді пластикалық операция клиникасының директоры Виктор Глоба. 

Қазір ару ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен күн кешуде. Бір өкініштісі, денсаулығы нашарлаған әрі бұрынғыдай жеңі ашық киімдерді де кие алмайды. Жағдайдың шешімін іздеген Тоғжан Ресейлік дәрігердің ғана көмек беруге қауқары жететінін айтады. Алайда отаның құнын қалтасы қалтасы көтермейтінін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр