Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірім беріп, жазаламауды сұрап отыр: Ақтөбелік азамат әйелін бейтаныс адамның хаты үшін сабап тастаған

Ақтөбеде әлдебіреудің жіберген SMS хабарламалары үшін ер адам әйелін сабап тастаған. Қабырғалары сынып, өкпесіне зақым келіп, миы шайқалса да келіншек күйеуіне кешірім беріп, оны жазаламауды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Елімізде жыл басынан бері 800 әйел зорланған: Алматы облысы көш бастап тұр

Ішімдікке тойып алған ер азамат әйелінің телефонынан бейтаныс адамның хатын көріп қойғанын есіне алады. Жанжал барысында әйелі әлгі хат жолдаған азаматпен екі рет кездескенін айтып қояды. Мұны естіген отағасы жұбайын ұрып-соғып, тепкінің астына алған. Күйеуінен қорғанбақшы болған әйел қолына балта алыпты. Алайда оның басы түсіп қалған көрінеді. Ең ақыры, көк ала қойдай болған келіншек ашуға булыққан жарынан көршілерінің үйіне қашып кетеді. 

Әйел ауыр жарақаттар алған: оның қабырғалары сынып, өкпесіне зақым келген, мұнымен қоса, миы шайқалған. Денсаулыққа аса қатты кінәрат келтіргені үшін ақтөбелік азамат соттан бір-ақ шығыпты. Десек те үйінің жалғыз асыраушысы екенін айтқан әйел оған кешірім беріп, соттың жазаламауын сұраған. 

Қазір 56 жастағы тұрғынның 3,5 жылға бас бостандығы шегерілген. Алайда егер ол әйеліне қатыгездік танытса, ол жазасын темір тордың ар жағында өтейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр