"Кешір, біз шаршадық": Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Ресей Федерациясының Новосибирск облысы Бердск қаласының 62 жастағы тұрғыны туған күнінде 39 жастағы дәрменсіз мүгедек ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Егде жастағы әйел ұзақ жылдардан бері көріп келе жатқан азапқа шыдай алмай, қылмыс жасаған.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, 2 наурызда әйел ұлына өмір бойы ішкен күшті дәрілерінің көп мөлшерін берген. Содан кейін әйел өзін өлтіруге бекінген.
Ол күйеуіне: "Кешір, біз шаршадық" деген жазба қалдырған. Сонымен қатар жазбада әйел ұлының осы шешімге келіскенін мәлімдеген.
Марқұм ұлы мен әйелін күйеуі тауып, үйіне қайтарды. Жедел жәрдем мүгедек ұлына көмектесе алмады, ал анасы ауруханаға түсті.
Тергеу комитеті кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғады.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?
