"Келінімнің 5-6 бала туғанын қалаймын": Меруерт Түсіпбаева ұлының үйленуіне қатысты пікір білдірді
ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлының үйленетін жаста екенін айтып, арманын бөлісті. Бұл туралы ол “Мархабат” бағдарламасында айтып берді.
Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Бүгінде әншінің ұлы Нұрғиса Америкада біліп алып, сол жақта тұрып жатыр.
“50 жастан асқан шағымда жеке өмірімді айту қате деп ойлаймын. Оның орнына, дәл қазіргі уақытта менің арман, мақсатым – әже болу. Құдай қаласа, өмір бойы ұлымды сүйіп өтетін, оның мінезін түсінетін, адал жар жолықса деймін. Адалдық деген сөздің астарында көп нәрсе жатыр. Маған оның тіпті ұлты да маңызды емес. Ұлыма адал жар кездессе, әже болсам деп армандаймын. Өйткені мен қазір ойланып отырып, жастық шағымды есіме түсірсем, мен аналық потенциалымды дұрыс пайдаланбаппын. Сондықтан, мен қазір немере бағуға дайынмын. Бір жақсы келін түсіп, ол 5-6 бала босанып, мен оларды бағамын деп қолым тимей жүрсе деймін”, – деді ол.
Айта кетейік, өнер иесі 50 жасында сүйіктісін жолықтырғанын айтқан еді. Алайда тұрмысқа шығуға асықпайтынын жасырмады.
“Кейбір әріптестерім секілді ұлыма "мен тұрмысқа шығамын" деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да, ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Жалғыз емеспін, мені сүйетін, мені аялайтын азамат бар. Мен ұрыссам да, еркелесем де, кешіреді. Бірақ ақ көйлек киюге менің жасым оған сәйкес келмейді. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де. Жеке бастың шаруасын көптің талқысына салғым келмейді. Жас айырмашылығымыз алшақ. Жалғыз емеспін", – деп шынын айтқан еді әнші.
Еске салайық, өнер иесі атышулы Бишімбаевтың экс жұбайын сынағанын жазған едік.