Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақсақ қой түстен кейін маңырайды": Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың экс-жұбайын сынға алды

ҚР мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаева әйелін азаптап өлтіріп, істі болып жатқан экс министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесінің айтуынша, экс министрдің бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның ел алдына шығып, сұхбат беруі ештеңеге әсер етпейтін көрінеді. 

“Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан Бишимбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда білімділігін бөлек қойғанда күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан-тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғанын ұмытпадық. Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп жүр. Мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап отыр. Ойымды 100 пайызға өзгертті. Егер бұл әйел ажырасып, қоғамға жан-айқайын жеткізсе, Салтанат тірі қалар еді”, – деп ашуланды әнші. 



Сонымен қатар эстрада жұлдызы Бишімбаевтың экс әйелінің ендігі сөзінің еш мәні жоқ екенін айтып, бұрынғы күйеуін жамандағаннан пайда таппайтынын ескертті.

“Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?! Бояуы сіңіп, үш бала тапқан еркекті жамандағаннан кімге не пайда?! Балаларының әкесі болып қалады. Күлге аунап тумады ғой. Бұл жағдайды өзгерту мүмкін емес. Балаларының тегі мен қаны – соныкі. Дау өршіп тұрған уақытта, өз басым, балаларым мен жанымның тыныштығы үшін үндемей отырар едім. Әттең-ай! Бұлай танымал болмай-ақ қойдым”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-күйеуінің ұрып-соққан кезін айтып берген еді. 

 

Талқылау