Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол бұрыннан өте аз ұйықтайтын": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Нүкенованың құрбысы айтқан деректерді растады

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram желісінде әйелдерге тиран күйеулеріне шыдамай, өздерін тыңдауға шақырды. Айтуынша өзі Бишімбаевтың түзелуін ұзақ жылдар бойы күтіп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Назым Қаһарманның Instagram желісінен

Назым барша келіншектерге ең бірінші назарды өзіне салуға шақырды. 

“Ол бұрыннан аз ұйықтайтын. Оның Салтанатты дегенінде ұстап келуінің себебін хабарламадан-ақ білуге болады. Өзін кінәлі сезіну, әдептілік, ұят санау, көмектескісі келу, аңқаулығы мен оны аяуы Салтанаттың барлық жақсы қасиетін өзіне қарсы қолданған.

Аяуды тоқтату керек. Серігіңізді емес өзіңізді аяңыз. Оны құтқаруды тоқтатып, өзіңізді одан құтқарыңыз. Әрине, оған көмектесу керек, бірақ құтқарудың қажеті жоқ. Тағы да тек өзіңе ғана сеніп, өзіңді ғана тыңдау керек. Өзгереді деп үміттенудің еш пайдасы жоқ. Мен оны  ұзақ жылдар бойы күттім. Алайда күткен сайын жағдай бұдан да жаман бола түсті. Ең бірінші тек өзіңе қамқор болу маңызды”, – деді Назым.



Бишімбаевтың екінші некесінде болған Назым оның бірінші әйелімен қандай қарым-қатынаста болғанын айта алмайтынын жеткізді. 

“Баланы қағып кету оқиғасы туралы көптеген сұрақтар келіп жатыр. Мен бұл жайт туралы білмеймін. Бірінші әйелі мен олардың өмірі, ажырасуы туралы тек өздерінен сұраңыздар. Мен тек өзімнің ажырасқан адамға тұрмысқа шыққанымды айта аламын. Олардың ортақ ұлдары болды”, – деп қосты Назым.

Фото Назым Қаһарманның Instagram желісінен

Еске салайық, бұған дейін сот отырысында  Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина Салтанаттың күйеуімен қарым-қатынасы мен қиындықтар туралы хабарламасын оқыды. 

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Талқылау