Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қажылыққа жолдама": Дина Төреәлі 9 жастағы сіңлісінің туған күніне не сыйлағанын көрсетті

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі сіңлісі Кәусарды туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Өнер иесінің тұңғышы Кәусар 9 жасқа толды. 

“Кеше осы шөжегімнің туған күні болды. Уақыт неткен жылдам. Кеше ғана туған сияқты еді, бүгін 9-ға келіпті. Орамалсыз салғанымды көрсе, ашуланатын шығар. Әлі кішкентай балапан ғой. Сұлуым туған күніне алтын жинақ сұрады. Таза алтын керек кішкентай қыздарға арналған. Ата-анасы Ұмраға жолдама сыйлапты, өзі қатты тілеп, қалап жүрген тағы барсам ба деп", – деп жазды Дина Төреәлі.



Айта кетейік, әншінің әйелі Толқын Тұрарбек тұңғышын туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады. 

“Кәусартайымның туған күні. Бауырлары дайындалып жатыр. Бүгін – көңілім ерекше босайтын күн. Ана атанған күнім. Тұңғышым, әлемнің бүкіл мейірімін жүрегіне сыйдырып алған, қасиетті Кәусарымның туған күні. Жүрегімнің қанша қатпары болса, соның бәрі осы қызымның ғұмыры мен күлкісінің риясыз болуын тілейді. Әлемді басқа қырынан танытқан ерекшем. Сенің табаныңа кірген ине, менің маңдайыма кірсін. Осы қызым үшін қайсар болуға, осы қызым үшін соңына дейін баруға, үлкен күрестегі үлкен жеңісті күнді аңсаумен келе жатқанымды білемін. Алладан үмітім зор. Әрі сол күннің де алыс емес екенін сеземін", – деп жазған еді блогер келіншек. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Еске салайық, елге танымал отбасы жақында алтыншы сәбилі болмақ. 

Талқылау