Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазандағы оқиғадан кейін қазақстандық мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілмек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазандағы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік шаралары қатаңдатылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мектеп

"Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек.  Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім.  Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым", - дейді Аймағамбетов. 

Министр нақты қандай шаралар қабылданатынын айтты. Әсіресе психологтардың балалармен жұмыс істеуіне ерекше мән берілмек. 

"Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты. Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек. Бұл үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар – біз үшін  ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет", - дейді Аймағамбетов. 

Қазандағы мектепте болған қайғылы оқиғадан кейін мәжіліс депутаты Андрей Линник Қазақстандағы мектептердің қауіпсіздігі туралы айтты.

Айта кетейік, 11 мамыр күні таңертең қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Ресей президенті Владимир Путин қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы төтенше жағдайдан кейін де бірқатар тапсырма берді.

Талқылау