Қазандағы мектепте болған атыс: Татарстанда аза тұту күні жариялады
Татарстан президенті Рустам Миннихановтың тапсырмасы бойынша республика үкіметі №175 Қазан гимназиясында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы тағайындайды. Бұл туралы Татарстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша №175 Қазан гимназиясында болған атыс кезінде 8 адам қаза тапты, 21 адам түрлі ауруханада жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялады.
Қазан мектепбіндегі атыстан қаза тапқандардың жақындары мен отбасына Ресей Президенті Владимир Путин көңіл айтты.
Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын. Оқиға салдарынан 7 оқушы қаза тауып, 6 оқушы аса ауыр жағдайда жатыр.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған