Қазандағы мектепте атыс шығарған Галявиев ақыл-есі дұрыс емес деп танылды
Қазан қаласындағы 175 -мектепте жаппай атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев сараптама нәтижесі бойынша ақыл-есі дұрыс емес деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК" мәлімдеді.
"Біздің ақпаратымыз бойынша, В.П.Сербский атындағы мемлекеттік әлеуметтік-сот психиатриясы ғылыми орталығы қазандық қылмыскер Ильназ Галявиевті ақыл-есі дұрыс емес деп таныды", – деп жариялады қоғамдық бақылау комиссияларының ресми органы "Газета ОНК".
Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”