Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазанда атыс шығарған Галявиев туралы мектеп директоры айтып берді

Қазан қаласындағы 175-гимназияда атыс шығарған Ильназ Галявиев туралы мұғалімдері мен мектеп директоры айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мұғалімдері оның бұрын салмақты, үздік оқушы болғанын айтады. Мектепте оқып жүрген кезде мұғалімдердің тарапынан Галявиевке ешқандай шағым түспепті. Бұл туралы білім беру мекемесінің директоры Амина Валеева айтып берді.

"Бұл оқушы мектепті 2016 жылы бітірді. Менің ойымша Галявиев оқыған мектептің бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ. Ол біздің мектепте колледжге түскенге дейін оқған. 9-сыныпты бітіргеннен кейні ол құжаттарын алып кетті. Сынып жетекшісі мен мұғалімдері оның жақсы, тәртіпті оқушы болғанын айтады. Сабақ үлгерімі де жақсы болған", - дейді Валеева. 

Айта кетейік, 11 мамыр күні таңертең Қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Ресей президенті Владимир Путин қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы төтенше жағдайдан кейін де бірқатар тапсырма берді.

Талқылау