Қазақстанның үш өңірінде газ тапшылығы туындады
Қазақстанның үш өңірінде сұйытылған газ тапшы. Жүргізушілер жанармай құю бекеттерінен газ жоғалып кеткенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарының автокөлік иелері сұйық отынның жоқтығына шағымданды. Газ санаулы жерде ғана бар әрі ол жерлерде кезек ұзын-сонар.
Энергетика министрлігі өңірлерге Ақтөбедегі зауыттан сұйытылған мұнайдың қосымша көлемін жіберуді ұйғарды.
“Бүгінгі таңда БАҚ-та бірқатар өңірлердегі газ тапшылығына қатысты ақпарат тарауда. Энергетика министрлігі жөнелту кестесін түзету бойынша кеңес өткізді. 1,5-2 күнде келеді деген болжам бар”, – деді энергетика министрлігі газ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Елтай Әлиев.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"