Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш қаласынан экстремистік ұйымның 12 белсендісі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура зайырлы құрылымды құлатуды көздеген радикалды діни топты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Радикалды діни топтардың мүшелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларынан ұстады.

Терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша күдікпен радикалды топтың 12 мүшесі бірмезгілде ұсталды.

радикал

Тергеу болжамы бойынша олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан.

Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар айқындалды.

радикал

Топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Талқылау