Тоқаев Кәлетаевты Украинадағы Қазақстан елшісі қызметінен босатып, жаңа елші тағайындады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевты Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатып, орнына Төлежан Барлыбаевты тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Украинадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып Төлежан Барлыбаев тағайындалды.

“Мемлекет басшысының жарлығымен Барлыбаев Төлежан Тұрсынұлы Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Төлежан Барлыбаев:
- СІМ халықаралық-құқықтық департаменті халықаралық шарттар басқармасының бастығы (2003);
- Польша Республикасындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі (2003-2007);
- Президенті әкімшілігінің ЗТБ бас инспекторы (2007-2008);
- Президенті әкімшілігінің ЗТБ меңгерушісі (2008-2009);
- Президенті әкімшілігінің ОӘО меңгерушісінің орынбасары (2009-2012);
- Президент әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2012-2017);
- Қазақстанның Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды