Қазақстанның хоккей құрамасы неміс ойыншыларын ойсырата жеңді
Қазақстанның хоккей құрамасы Германия ойыншыларын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Хоккейден халықаралық сайыс Чехияда өтіп жатыр. Қазақстандықтар немістерді жұбаныш раундының екінші жарысында ұтқан. Қазіргі кезде кім ары қарай қалып, ойынды жалғастыратыны анықталуда.
Қарсыластарына қақпасына шайбаны Станислав Александров пен Олег Бойко соғыпты. Матч 4:1 есебімен Сергей Старыгин жаттықтыратын қазақстандық құраманың жеңісімен аяқталған.
Бұған дейін Германия ойыншылары отандық хоккейшілерді 0:4 есебімен күйрете жеңіпті. Шешуші әрі соңғы ойын 5 қаңтарда өтетін болады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған