Қазақстанның ең сұлу кәсіпқой боксшысының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Спортшының жеке парақшасынан
Кәсіпқой бокста “Қазақстанның сұлу боксшысы” атанып кеткен Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Боксшы арудың келесі айқасы 27 желтоқсан Алматыда өтетіні белгілі болды. Бұл жайлы боксшының промоутерлік компаниясы мәлімдеді.
"Балауса – UBO нұсқасы бойынша чемпион атағының иегері, және бұл белдікке лайық екенін дәлелдеуге дайын. Күні, уақыты және орны қазірдің өзінде белгілі. Енді ең бастысы — рингке қарсы шығатын боксшының атын білу ғана қалды", – делінген хабарламада.
Алайда Балауса Мұздыманның әзірге қарсыласы белгісіз. Балауса Мұздыман соңғы рет рингке қыркүйек айында шыққан еді. Алматыда өткен бокс кешінде ол үндістандық Мамта Сингхті (8-3-1, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңді Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

