Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұман мен көктайғақ: Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дауыл

Күндіз Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыс, шығыс желі соғады. Ал облыстың оңтүстік-батысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман мен көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең жолда көктайғақ күтілуде. 

Түркістан облысының батысында, таулы аймақтарда солтүстік-шығыс желі күтіледі, ұйытқуы 23 м/с. Ал Түркістан қаласында солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыс желі сақталады. Жел екпіні – 23 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыс желі күтіледі. Күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. 

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Түнде шығыста солтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с болады. 


Талқылау