Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ертең қар жауып, күн суытады

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда 6 қазан күні қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

алматы снег

Қазгидрометтің дерегі бойынша, Алматыда қар жауып, ауа температурасы - 3-5° дейін төмендейді.

"5 қазан күні Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні - 0-5 м/с шамасында. Ауа температурасы түнде - 3-5, күндіз +13-15 градус жылы. Ал 6 қазанда жауын-шашын болады, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде - 0-2, күндіз +4-6 градус жылы. 7 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 2-7 м /с. Ауа температурасы түнде -2-4 градус суық, күндіз +2-4 градус жылы", – деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.

Талқылау