Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com
Қазгидромет 29 қарашада Қазақстанның бес қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай тіркелетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, 29 қарашада жағымсыз метеорологиялық жағдай Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында болады.
Жағымсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды (ластаушы) заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
Жағымсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Ал бұл халықтың денсаулығына кері әсер етеді.
Ластану деңгейін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі – ауа райы жағдайларына алдын ала болжам жасау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы).
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды