Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше облысында күн күрт суып, қар жауады

Қазгидрометтің синоптиктері Нұр-Сұлтанда және басқа да бірнеше облыстарда дауыл туралы ескерту жариялады.

Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел соғады

Метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, 19 сәуірде түнде және таңертең Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады деп күтілуде, қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болады. 

Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Синоптиктер ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 аязға дейін күрт төмендейді деп болжайды.

Ақмола облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі, түнде басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді. , Күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжауынша, температураның минус 7-9 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. Шығыс Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр мен қар жауып, найзағай ойнайды. Тұман түседі.

Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен осққан желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Талқылау